2015 ж. 14-16 қазан Рига қаласында (Латвия) жыл сайынғы CONECT 2015 халықаралық конференциясы өтеді.
Конференция қарапайым ғылыми форум ретінде ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты энергетикалық жүйе және қоршаған орта инженерия саласындағы жетістіктермен таныстыру және ғалымдарға, әсіресе докторанттарға өз зерттеулерінің нәтижесін басылымға шығаруға мүмкіндік беру.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
— Advanced Energy Technologies (Алдыңғы қатарлы энергетикалық технологиялар);
— Renewable Energy (энергияның қалыпына келуші көздері);
— Energy Efficiency Improvement (қуатты пайдалану тиімділігін арттыру);
- Heat and Power Generation & System (жылу және электрқуаты өндірісі және жүйесі);
— Energy Management, Policy and Economics (Энергоменеджмент, саясат және экономика);
— System Approach Integration in Energy Sector.
Күндері:
15 қаңтар — тіркелу және аннотация жіберу;
1 сәуір — авторлар аннотацияның қабылданғандығы туралы хабар алады;
15 сәуір – мақала тапсыру;
15 мамыр – авторлар мақалалардың қабылданғандығы туралы хабар алады;
15 шілде — баяндамаларды қабылдаудың аяқталуы (қарастырылғаннан соң);
14-16 қазан – Конференция.
Конференцияның ресми тілі — ағылшын.
15 шілдеге дейін мерзімінен бұрын тіркелу құны 300 EUR + ҚҚС (200 EUR + ҚҚС студенттер үшін ), кейін 400 EUR + ҚҚС (250 EUR + ҚҚС студенттер үшін).
Мақала басылымы
CONECT 2015 –ке қабылданбастан бұрын барлық материалдар рецензиялаудан өтеді. Конфернция материалдары Energy Procedia and indexed Scopus-та басылып шығады. Таңдап алынған мақалалар Scopus-та индекстелген басқа журналдар басылымына ұсынылады.
Онлайн-тіркелу: ect-journals.rtu.lv
Толық ақпарат: conect.rtu.lv веб-сайтында
Сұрақтар бойынша : Āzenes Street 12/1 Riga, LV-1048, Latvia
E-mail: ect@rtu.lv