Халықаралық байланыс бөлімі Бейджин политехникалық университетінде (Beijing Institute of Technology) магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алу үшін 5 үміткер іріктеуде.
Халықаралық байланыс бөліміне (бас ғимарат, 309а) келесі құжаттарды тапсыру қажет:
— Транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
— ҚарМТУ-да білім алу барысындағы белсенділігі үшін берілген мақтау қағаздарының көшірмесі;
— Ғылыми басылымдары мен мақалаларының көшірмесі;
— Тілдік сертификаттар;
— Факультет деканы және кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты (орыс және ағылшын тілдерінде);
— Орыс және ағыллшын тілдерінде жазылған өмірбаян (әр қайсысы 1 беттік).
Құжаттарды қабылдау 04.03.2015 ж. дейін.