Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!


Құрметті студенттер мен магистранттар! Халықаралық қатынастар бөлімі 2015 ж. көктемгі семестірінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын Бейджин политехникалық университетінде (Beijing Institute of Technology)! өту үшін 5 үміткер іріктеп алады.
Халықаралық байланыс бөліміне (бас ғимарат, 309б) келесі құжаттарды тапсыру керек: — 2013- 2014 оқу жылының көктемгі семестірі бойынша транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
— ҚарМТУ-да оқыған кездегі мадақтау қағаздарының көшірмесі;
— ғылыми мақалалар мен басылымдардың көшірмесі;
— тілдік сертификаттар;
— факультет деканы және кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты (орыс және ағылшын тілдерінде).
Магистранттар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы тек келесі мамандықтар бойынша:
— Машинажасау (Mechanical Engineering);
— Электроэнергетика (Electrical Engineering);
— Электроника (Electronic Engineering);
— Халықаралық экономика және сауда (International Economy and Trade).

Құжаттар 2014 ж. 26 желтоқсанға дейін қабылданады.

Без рубрики