2015 жылы Халықаралық машинажасаушылар одағы халықаралық конференциялар, семинарлар мен іс- шаралар өткізетінін хабарлаймыз:
1. Халықаралық машинажасаушылар одағының қолдауымен, ВАК тізіміне кіретін, ҒДРИ индексі және халықаралық ISSN индексі бар ДонҰТУ «Машинажасаудың прогрессивті технологиялары мен жүйелері» ғылыми еңбектер жинағы басылып шығарылады. Мақалалар жаңа тәртіп бойынша дайындалуы тиіс. Мақалалар 1.12.14 ж. — 30.01.15 ж. аралығында қабылданады. Толық ақпарат http://tm.donntu.edu.ua сайтында.
2. 2015 ж. 14- 20 қыркүйек аралығында Севастополь қаласында Халықаралық машинажасаушылар одағы , ДонҰТУ, БМТУ, СевМУ, әр түрлі елдердің университеттері мен мекемелері «XXI ғасырдың Машинажасауы мен техносферасы» атты XXII халықаралық ғылыми- техникалық конференция өткізеді. Толық ақпарат http://konf-sev.donntu.edu.ua, http://iumb.donntu.edu.ua, http://iumb.dgtu.donetsk.ua сайттарында.
3. 2015 ж. 17 қыркүйек Севастопль қаласында әлемнің 21 мемлекетінің машинажасаушыларын біріктіретін- Халықаралық машинажасаушылардың XVI съезді өтеді. Толық ақпарат http://iumb.donntu.edu.ua, http://iumb.dgtu.donetsk.ua сайттарында.
4. Халықаралық машинажасаушылар одағының қолдауымен Халықаралық студенттердің ғылыми- техникалық №19, «Инженер» журналы жарық көреді. Мақалалар 10.09.2015 ж. дейін қабылданады. Толық ақпарат http://tm.donntu.edu.ua сайтында.
5. 2015 ж. 26- 28 қазан аралығында Донец қаласында МСМ, ДонҰТУ, БМТУ, СевМУ негізінде «Автоматтандыру, технология және машинажасаудағы сапа» бағытында XVI халықаралық студенттік ғылыми- техникалық конференция және студенттік ғылыми жұмыстар жарысы өткізіледі. Толық ақпарат http://tm.donntu.edu.ua сайтында.
6. 2015 ж. 27 қыркүйек – 8 қазан аралығында Магдия қаласында (Тунис) Жерорта теңізінің жағалауында Халықаралық машинажасаушылар одағы, Қазақстан, Украина, Ресей, Белорусия, Польша, Грузия, Молдова және Тунис университеттері «Техносфера және инженер кадрларды дайындаудың заманауи мәселелері» атты IX халықаралық ғылыми- әдістемелік конференция өткізеді. Толық ақпарат http://tm.donntu.edu.ua сайтында.