2015 жылдың 23-24 сәуірінде Сулейман Демирел университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, КИМЭП университеті және Ататүрік-Алатоо Халықаралық университеті (Қырғызстан) ұйымдастыруымен VII «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Қай кезеңде де білім мен ғылымның дамуы, белгілі бір деңгейде, халықтар арасындағы келісім мен Мәдениеттер арасындағы рухани үйлесімділікке тікелей байланысты. Жыл сайын өткізілетін бұл конференцияның да басты мақсаты — түрлі мәдениеттердің ортақ кұндылықтары мен ұлттық ерекшеліктеріне бағытталған шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу ізденіс жұмыстарымен танысу және талқылауға ғылыми орта қалыптастыру болып табылады.
Конференция miлi, қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдері.
Конференция туралы толық ақпарат Сулейман Демирел университетінің сайтында берілген.