6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша Республикалық Олимпиада


«Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ базасында 2020 жылдың 21-22 сәуір аралығында 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша XIV Республикалық ЖОО аралық пәндік олимпиаданың II кезеңі өткізілді.

Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 21 ЖОО-нан 21 студент қатысты.

Олимпиада жеңімпаздары деп танылды:

1 орын  – Мұратбекқызы Баян (М.Х. Дулати атындағы Тараз аумақтық университеті);

2 орын – Сегізбаев Темірлан Алтайұлы (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;

Вентлянд Яна Даниловна (Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті);

3 орын – Омар Жансая Алтынбекқызы (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті);

Проказов Николай Дмитриевич (Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті);

Имамадин Аруай Қайратғалиқызы (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті).

Без рубрики