6В06301 «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» топтарының волонтерлік жұмысы Сиб-20-2, СИБ-19-4, СИБ-21-1, СИБ-21-3.


Адам өміріндегі  ең игі істерінің  бірі- мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.Адамдар бір-біріне  қайырымдылық, мейірімділік  таныту  арқылы жақсылық жасайды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің  СИБ-19-4, СИБ-20-2,СИБ-21-1, СИБ-21-3  топтарының  студенттері мен кураторлары Жаркимбекова А.Ж., Кадирова Ж.Б., Рысбекқызы Б.,  Ракова Г.К. қайырымдылық акциясы аясында, мейірім мен көмек  күткен жандарға Қарағанды қаласының арнаулы  әлшеуметтік қызметтер  көрсету  орталығы мекемесінде  18-ден асқан  психо-неврологиялық  аурулары бар 1 және 2 топтағы  мүгедектерге қол ұшын беріп, аз да болса үлестерін қосты.

Без рубрики