6В06101 – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ


Нұр-Сұлтан, 20-21 сәуір 2022 ж

2022 жылдың 20-21 сәуірінде Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің (Нұр-Сұлтан қаласы) базасында 6В06101 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді     іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға көмектесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту.

Олимпиада 3 пән бойынша өткізілді: «Ақпараттық жүйелердегі деректер қоры», «Алгоритмдер, деректер құрылымдары және бағдарламалау», «Компьютерлік желілер». Тапсырмалар теориялық және практикалық бөліктерден тұрды (Операциялық жүйе: Windows; бағдарламалау тілдері: С++, C#, Java, Python, SQL).

1 командалық орынды ҚарТУ АЕЖ кафедрасының студенттері: Ким Леонид, Амирханов Әкежан, Чой Владислав құрама командасы иеленді. ИС-19-3 тобының барлық студенттері куратор Когай Г.Д. Университеттен топ жетекшілері: аға оқытушы Әбілдаева Г.Б. және PhD Томилов А.Н.

Студент Ким Леонид Алексеевичтің жеке біріншілікте 3-ші орынды алғанын ерекше атап өту керек.  Ким Л.А. сонымен қатар 2021 жылғы пәндік олимпиаданың жүлдегері және 2021 және 2022 жылғы іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ НАО 2023 6В06101 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша пәндік олимпиадаға қатысушыларды күтеміз!!!

Без рубрики