«ҚР ОТБАСЫЛЫҚ-НЕКЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН РЕТТЕУ ЗАҢНАМАСЫ» АТТЫ
КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТЫҢ МАСТЕР-КЛАСЫ
Кураторлық сағаттың мастер-класын ГФ кафедрасының оқытушысы Желаева Н.В. ГПР-10-3 тобында өткізді.
Мастер-кластқа қатысқандар: ГФ кафедрасының менгерушісі Пономарева М.В., кафедраның аға кураторы Талерчик М.П., ТЖ директордың орын басары ВР Марченко И.А., ГФ кафедрасының оқытушылары, ГПР-10-3 тобының 17 студенті.
Қандай да бір себептер бойынша баланы ата-анасы уақытша тәрбиелей алмайтын жағдайлар кездеседі. Мысалы, ұзақ іссапарға кетеді немесе емдеу мекемесінде болады және т.б. Жасы 14-ке толмаған балаларға — қамқорлық, 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға қамқоршылық бекітіледі.
Қамқорлық (қамқоршылық) жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімімен бекітіледі. Оның мақсаты отбасындағы баланың тәрбиесін қамтамасыз етуден, оның жеке мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғаудан тұрады.
Сонымен бірге асырап алған отбасы қамқорлықпен және қамқоршылық-пен қатар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық тәрбиесінің түрі болып табылады.
Баланы немесе балаларды тәрбиелеуге алғысы келетін азаматтар (жұбай-лар немесе жеке азаматтар) асыранды ата-анасы деп аталады: тәрбиелеуге берілетін бала – асыранды бала, ал мұндай отбасы асыранды отбасы деп аталады.
Бұл құқықтардың осы құқықтардың тағайындалуына қарама-қайшылықта жүзеге асырылатын жағдайларын қоспағанда, отбасылық құқықтар заңмен қорғалады.
ҚР Конституциясына сәйкес азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы тиіс. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыс негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қажет шамада ғана заңмен шектелуі мүмкін. Мұнымен отбасылық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау шектері де анықталған. Отбасылық құқықтарды олардың тағайын-далуымен дәл сәйкестікте жүзеге асыру, азаматтарға отбасының нығайтылуына барынша көмектесетіндей, балалардың тиесілі тәрбиесін қамтамасыз ететіндей, отбасының барлық мүшелерінің жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайтындай берілген мүмкіндіктерді іске асыруды жорамалдайды.
Отбасылық-құқықтық нормалардың сақталмауы, отбасылық құқықтық қатынастар субъектілері міндеттерінің бұзылуы заңмен белгіленген санкция-ларды қолдануға әкеледі.