Жатақхана


Жатақхана

№1 жатақхана

Заңды мекен-жайы: Қарағанды қ., Терешкова көшесі 40

Жалпы аумағы: 3725,9 кв.м.

Жатақхана 4 қабаттан тұрады: 1-қабатта – 7 бөлме, 2-қабаттан 4-қабатқа дейін 30 бөлме. Бірінші қабатта жатақхана әкімшілігі, вахта, зат сақтау қоймасы орналасқан.

Жатақхананың 1-қабатында 6,2 кв.м. құрайтын кір жуатын бөлме бар. Ол жерде 3 кір жуатын автомат – машина бар. Әр қабаттағы 3 киім кептіретін бөлмеде (көлемі 12,6 кв.м. әрқайсысы) киім үтіктеуге арналған тақталар орналасқан.

1-қабатта душ қабылдауға арналған бөлме (әйелдердікі және ер адамдікі) – әрқайсында 2 титаннан. Тұрмыстық бөлмелерде : 3 электр плиталары мен 2 үстел, 2 ыдыс – аяқ жуатын шұңғылша орналасқан.

Әр қабатта бір тұрмыстық бөлме мен жуынатын бөлме бар. Қабаттарда бет-қол жуатын 2 бөлме бар (7 шұңғылша бет жууға арналған және 2 поддон)

Электронды оқу залында студенттерге арналған 18 компьютер бар.

1-қабат, электронды оқу залы

1-қабат акт залы

Акт залда әр түрлі қоғамдық іс шараларды ұйымдастыруға және деректі фильмдер көрсетуге арналған видеопроектор мен экран бар.

1-қабат, демалыс бөлмесі

Демалыс бөлмелерінде: теледидар, үстел ойындары (тоғызқұмалақ, шахмат, нарды, шашки).

1-қабат, демалыс бөлмесі

 

ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасы

Заңды мекен — жайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік даңғылы 56/2.

Тоғыз қабатты ғимарат жалпы аумағы — 16 600 кв.м.

ТК «Армандастар Ордасы» Президенттің «Студенттік үй» бағдарламасы аясында құрылды, ашылуы 2015 жылдың жазында болды.  ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасы 822 орынға арналған.

Студенттер секция бойынша бөлмелерде тұрады. Әр секцияда 2 бөлме бар: 2 және 3 адамдық. 2 адамдық бөлменің көлемі – 14 кв.м., 3 адамдық бөлменің – 20 кв.м. Бөлмелер жайлы жабдықталған және заманауи жиһаздар орналасқан.

Екі қанат галереямен қосылғандықтан 3, 4 және 5 қабаттарының  әр қабатында 42 бөлмеден (2 адамдық бөлме – 16, 3 адамдық бөлме — 26).

6 және 7 қабатта 36 бөлмеден (2 адамдық бөлме – 12, 3 адамдық бөлме -24).

8 және 9 қабатта 38 бөлмеден (2 адамдық бөлме – 12, 3 адамдық бөлме -26).

Жатақхана қала орталығында орналасқан, университет қалашығының аумағында.

Студенттерге жайлы тұру үшін барлық жағдайлар жасалған (кір жуатын бөлме, зат сақтау қоймасы, ас дайындайтын бөлмелер, киім үтіктейтін бөлмелер, заманауи жуынатын бөлме).

ТК «Армандастар Ордасы» жатақханасының алды

Жатақханаға кіреберісі

Лифт

Жатақхананың бірінші қабатында 67, 8 кв.м. көлемді құрайтын конференц залы бар. Ол жерде жүйелі түрде студенттермен семинарлар және әр түрлі тақырыптарда кездесулер өтеді:

— этносаралық келісім, этносаралық және діни төзімділік, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша дәстүрлі дін өкілдерімен

— Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен, Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен, жасөспірімдердің қылмыстың алдын-алу және қылмыстың алдын-алу жөніндегі орталық полиция бөлімі қызметкерлерімен

— әділет және құқық қорғау органдарының басшыларымен

— факультет декандары, сондай-ақ жатақхана студенттер кеңесінің ұйымдастырған іс шаралары

Конференц залы

Жатақхананың әр қабатында 20,0 кв.м. көлемді құрайтын 2-3 рекреациялар бар, оның әрқайсысы  тиісті жиһаздармен және заманауи теледидарлармен жабдықталған. 20 кв.м. көлемді құрайтын оқу бөлмелері 3, 4 және 5 қабатта орналасқан.

22 кв.м. құрайтын мультимедиялық бөлмелерде студенттер сабақтарына дайындалады. Әр студенттің ғаламторға кіретін логин мен паролі болады, трафик әр ай сайын толтықтырылады. Жатақханада сымсыз ғаламтор бар.

Мультимедиялық бөлме

 

2 бөлмеден тұратын секция

3 адамдық бөлме

Жуынатын және дәретхана бөлмелері секцияларда орналасқан.  Қосымша әр қабатта әрқайсысы 4,9 кв.м. құрайтын 2 жуынатын бөлме және 2 дәретхана бар.

3, 4 және 5 қабатта 22 жуынатын бөлмеден бар; 6, 7, 8 және 9 қабатта 20 жуынатын бөлмеден.

Жуынатын бөлме

Жатақхананың әр қабатында 45 кв.м. құрайтын 4 тұрмыстық бөлме бар.

Әрбір тұрмыстық бөлме (ас дайындайтын бөлме) 3 ас үй шкафтарымен, 3 тоңазытқышпен және 3 электрплиталармен жабдықталған.

Ас дайындайтын бөлме

Бірінші қабатта зат сақтайтын қойма бар.

Зат сақтайтын қойма

Жатақханада 43,1 кв.м. құрайтын киім жуатын бөлме бар. Ол бөлме 15 кір жуатын автомат-машиналармен және 9 заманауи киім үтіктейтін құралмен жабдықталған. Арная киім кептіретін қажет емес, себебі киім құрғақ болып шығады. Төсек-орын апта сайын жуылады.

Жатақхананың кір жуатын бөлмесі

Жатақхананың –қабатының сол жақ қанатында 60 орынды дәмхана бар.

Дәмхана

«Серпіндестер Ордасы» жатақханасы

Заңды мекен-жайы: Қарағанды қ. Бейбітшілік даңғылы 56/2.

Жалпы аумағы: 3 124,0  кв.м.

Қабат саны: 5.

Бөлме саны:  2 этаж – 35, 3 этаж – 36, 4 этаж – 36, 5 этаж – 9.

Жалпы бөлме саны  — 116.

Жатақхана алды

2 адамдық бөлме

Жатақханада 5 тұрмыстық бөлме, олардың әрқайсында 3 тоңазытқыш, 3 электр плитасы, 2 ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша, 3 вентиляция, 80 литрге арналған 1 титан, 3 тамақ жасауға арналған үстел.

Жалпы жатақханада 11 тоңазытқыш, 11 электр плитасы, 10 вентиляция, 10 ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша, 11 тамақ жасауға арналған үстел.

Әр қабатта жуынатын бөлмелер бар.

Жалпы 30 шұңғылша, 6 поддон, 29 унитаз, 7 айна.

1-қабатта:

— 200 литрға арналған титандармен, 4 араластырғыш, 2 темір киім ілгішпен құрылған әйелдер және ерлер душ қабылдайтын бөлмелері (әрқайсысы 4 адамға арналған).

— Кір жуатын бөлме 4 кір жуу машинасы, үстел және орындық

— Киім үтіктеу және кептіру бөлмесі 3 темір кептіргішпен және 4 үтіктеу тақтайымен, үтікпен, іш киімге арналған  үстел

— Акт залы проекциялық экранмен, бейнеэкранмен, трибуна, үстелдер және орындықтар

Акт залы

1-қабаттың оң жақ қанатында 2 компьютер сыныбы бар (16 компьютер); «ОТАU TV» приставкасымен 2 теледидар, үстел, жұмсақ орындықтар мен 2 журнал үстелі, фортепиано және суреттер орналасқан 2 демалыс бөлмесі бар.

 

Компьютер сыныбы және демалыс бөлмесі

Без рубрики