Tүлектер, болмасын уайым – жинаңдар өту ұпайын


Білім министрлігі мектептерде емтихан тапсыруды қайта жандандырып, ҰБТ-ны ЖОО-на түсу емтиханы ретінде қалдырды.

Марина Пархоменко, Казахстанска правда

13 жылдай тапсыру жалғасқан бұл емтихандарды реформалауға ҚР БжҒМ бірнеше жыл бұрын дайындалған екен. Осы мәселе жайында бүгін, кесімді ұйғарым шығарылып, ол жайында Орталық коммуникация қызметі төмендегідей мәлімдеді.

— ҰБТ-ны жетілдіру үшін министрлік бірқатар әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оған 10 мыңнан аса мектеп түлектері, мұғалімдер, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар, қоғам өкілдері қатысты, — деді  ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков. – Тестілеуді өткізу және оның қорытындылары қоғамның бұл сынақты тек ЖОО-на түсу емтиханы деп қабылдайтындығын көрсетті. Ал бұл мектептегі білім беру сапасын анықтап, оған объективті баға беруге кедергі келтіреді.

Осылайша ҰБТ-ның қорытынды аттестацияға қатысты бөлімі бұл мәселені шеше алмай отыр, себебі мектеп бітіруші түлектердің 100 пайызы толығымен ҰБТ-ға кірмейді. ҰБТ сұрақтарында елімізде бар мектептердің барлық  түрлері мен типтері ескерілмейді.  Осыған байланысты министрлік екі бағытта жұмыс жасаған болатын – бұл ҰБТ-ны екіге бөлу және оның құрылымы мен мазмұнын жетілдіру.

Қазіргі таңда ҚР «Білім туралы» Заңына ҰБТ-ның екіге бөлінуі бөліміне өзгерістер – мемлекеттік емтихан форматында – қорытынды аттестация және ЖОО-на түсу емтиханы форматында –  тестілеу енгізілді.

2017 жылы қорытынды аттестация барлық мектептерде 1-10 маусым аралығында, ал абитуриенттерге арналған ҰБТ – 20 маусым -1 шілде аралығында болмақ. Сондай-ақ ҰБТ-ны қайта тапсыру 2017 жылдың тамызында және 2018 жылдың қаңтарында жүргізілмек.

Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мектеп бітіру емтихандары (тексерусіз, турникетсіз) мектептерде, 4 міндетті пән және 1  таңдау пәні бойынша өткізіледі. Оқыту тілі және әдебиет пәнін оқушылар эссе түрінде, Қазақстан тарихы – ауызша, математика – бақылау жұмысы түрінде,  орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі  және қазақ тілінде оқытатын мектептерде  қазақ тілі – тест түрінде.

«Алтын белгі» белгісі мектеп тарапынан беріледі және оны ҰБТ-да дәлелдеу қажет емес, сондай-ақ басқа абитуриентермен бірдей ұпай алған жағдайда «Алтын белгі» иегерлеріне грант бөлу кезінде басымдық ұсынылады.

ҰБТ форматы бойынша 5 пән бойынша, олардың ішінде 3 – міндетті пәндер, ал 2-уі – таңдау пәні бойынша барлығы  120 сұрақ болмақ. Тестілеу уақыты – 3 сағат 30 минут, өту ұпайы 50. ҚР БжҒМ ЖОО және ЖОО кейінгі білім алу департаменті директоры  Дархан Ахмед-зәкидің мәлімдеуінше, абитуриенттің саналы түрде мамандық таңдауы үшін, тестілеу сұрақтарының құрылымы  өзгермек.

Алғашқы үш пән міндетті – тілдік дайындық және оқу сауаты, мұнда мәтінді қабылдау, сараптау маңызды, математикалық сауаттылық – бұған математикалық тесттер және қисындық есептер, Қазақстан тарихы.

ҰБТ құрылымында сондай-ақ екі бағыт бойынша пәндер болады, мұнда егер түлек математика және физиканы таңдаса, онда бұрынғыдай 4 мамандық бойынша құжат өткізе алады, ал жалпы алғанда бұл оған 52 мамандық бойынша таңдау жасауға мүмкіндігі бар.

Басты өзгерістердің бірі колледж түлектерінің өздері оқыған бағыт бойынша пәндерді тапсыру мүмкіндігінің болуы, бұл 40 сұрақ десек, оған сондай-ақ 20 жалпы пәндер бойынша сұрақтар қосылады. Ал бұрын колледж түлектері мектеп түлектері тапсыратын пәндер бойынша сұрақтарға жауап беретін.

БжҒМ-нің мамандары енгізілген өзгерістер қорытынды аттестация нәтижелеріне жағымды әсер етпек, бұрынғыдағыдай ҰБТ төңірегіндегі артық қобалжуларды болдырмайды  деп есептейді. Қазіргі таңда туындап отырған және келешекте болуы мүмкін сұрақтарға олар жуық арада басталатын өңірлерде өтетін түсіндірме жұмыстары кезінде жауап бермек.

Без рубрики