31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні: «Әлімхан Ермеков және «Алаш»


Қарағанды қаласы әкімдігінің және «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қолдауымен М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай кездесу өтті. Іс-шара «Әлімхан Ермеков және «Алаш» атаумен өткізілді, оған ғалымдар, ұйым басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты. Ол көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы басшыларының бірі, тұңғыш қазақ математигі, профессор, ғалым және белгілі ағартушы, қазақ тіліндегі «Жоғары математика курсы» бірінші оқулықтың авторы Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың (1891-1970) құрметіне ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның спикерлері физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ғалым, Ғасыр адамы Көкетай Темірғали Әбілдәұлы; тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Қалықов Абай Қобландыұлы; Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмабеков Жамбыл Әзмұханұлы; «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының төрағасы Әбділдин Ермек Төлеуұлы; «Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының» директоры Әбдікерова Бақытгүл Хималдинқызы; Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Бекқұлова Айнаш Диканбайқызы; ғалым, тарихшы, этнограф, Қарағанды облысының техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік мұрағатының директоры Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы болды.

Іс-шараға арнайы шақырылған ғалымдар «Алаш» қайраткерлерінің ұлт алдындағы баға жетпес еңбегін насихаттап қана қоймай, бірқатар сұрақтар қойды. Олар «Алаш» пен «Алашорда» қозғалысының мұрасы одан да терең зерттеуді қажет ететіндігінің айғағы болды.

31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода: «Алимхан Ермеков и «Алаш»

При поддержке акимата города Караганды и ГУ «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Караганды» в центральной городской библиотеке имени М. О. Ауэзова состоялась встреча, приуроченная ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода. «Алимхан Ермеков и «Алаш» — под таким названием проходило это мероприятие, в котором приняли участие ученые, руководители организаций, представители общественности. Оно было организовано в честь выдающегося общественного и государственного деятеля, одного из руководителей партии «Алаш» и движения «Алашорда», первого казахского математика, профессора, ученого и известного просветителя, автора первого учебника «Курс высшей математики» на казахском языке Алимхана Абеуовича Ермекова (1891-1970).

Спикерами этого мероприятия выступили доктор физико-математических наук, профессор, ученый, человек века Кокетай Темиргали Абильдаулы; кандидат исторических наук, директор Научно-исследовательского центра «Тұлғатану» Бейсенбекова Нурсахан Ахметовна, проректор по воспитательной работе Карагандинского технического университета имени Абылкаса Сагинова Калыков Абай Кобландиевич; декан исторического факультета Карагандинского исследовательского университета имени Е. А. Букетова, кандидат исторических наук Жумабеков Жамбыл Азмуханович; председатель областного филиала партии «Ак жол» Абдильдин Ермек Толеуович; директор «Учебно-методического центра развития образования Карагандинской области» Абдикерова Бакиткул Хималдиновна; преподаватель кафедры «Казахский язык и культура» Карагандинского технического университета имени Абылкаса Сагинова, м. п. н. Беккулова Айнаш Диканбаевна; ученый, историк, этнограф, директор Государственного архива по научно-технической документации Карагандинской области Аршабеков Темиргали Тлеубекович.

Специально приглашенные на мероприятие ученые не только пропагандировали неоценимый труд деятелей «Алаша» перед нацией, но и выдвинули ряд вопросов. Они явились лишним свидетельством тому, что наследие «Алаша» и движения «Алашорды» требует еще более глубокого изучения.

Без рубрики