- Ғылыми-техникалық ынтымақтастық
- Корпоративтік Университеттің даму перспективалары
- Корпоративтік Университеттің мақсаттары мен міндеттері
- Корпоративтік Университеттің рөлі мен маңызы
- ҚУ кәсіпорындарында енгізілген университеттің ғылыми әзірлемелері
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қазақстанда бірінші болып кадрларды даярлаудың жаңа жүйесіне көшу міндеттемелерін қабылдады және 2008 жылы құрамына «Qarmet» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы «ЖШС, «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ сияқты және басқа да бірқатар ірі өнеркәсіптік ұйымдар кіретін «Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумын құрды, олар оқу жоспарлары мен бағдарламаларға түзету енгізіп, жетекші мамандары өндірістің ғылыми-техникалық мәселелерін шешу жөнінде сабақтар өткізіп, ҚарТУ-дың оқу процесінің белсенді қатысушылары болды.
Ұйымдар базасында кафедралардың филиалдары құрылады, онда студенттер практикалық сабақтардан өтіп, ең озық техника мен технологияларды үйренеді.
Корпоративтік Университеттің кәсіпорындары дарынды студенттерге стипендия тағайындайды, мамандарды даярлауға тапсырысты айқындайды және түлектерді жұмысқа орналастыруға шарттар жасасады.
Кәсіпорын басшылары мен университет ғалымдары жыл сайын жұмыстың қорытындысын шығаратын және Корпоративтік Университеттің қызметін одан әрі жетілдіру жолдарын белгілейтін өндірістік кеңестерге қатысады.