2019 жылдың 15 ақпан күні ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.
Іс шара барысында 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізгені, оған 22 мың қазақстандық қатысқаныдығы жайлы айтылып, видео ролик көрсетілді. Сонымен қатар Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлерінің ерліктері туралы әндер шырқалды. Іс шара ұйымдастырушылары — №1 жатақхананың Студенттер Кеңесі. Қатысқан студенттер саны – 20.