30 қараша күні Қарағанды техникалық университетінде Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдерімен «Ата-ана мейірімі» тақырыбында кездесу өтті


Спикерлер Аналар кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Бақытты Нұргелді мен көп балалы ана, ақын, Formula жыр жинағының авторы Эльмира Сайлауқызы қоғам негізінің бастауы, адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі — отбасының тәрбиесі жайлы, тұлғалық даму бойынша кеңестер берді.

«Еркін микрофон» айдарында жастар ойларымен бөлісіп, сұрақтарын ортаға салды.

Екі топқа бөлініп, мақал-мәтелдерден  сайысып, қоғамдағы мейірімділік туралы қысқа қойылым да дайындады. Жеңімпаз топ отбасы хрестоматиясы сериясынан шыққан «Салт дәстүр» кітабына ие болды.

Без рубрики