«3 Minute Thesis» («Үш минуттық тезис») Халықаралық бейне презентация байқауы


2022 жылғы 21 қараша мен 21 желтоқсан аралығында Беларусь мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы) және В.И. Ленин атындағы Иваново мемлекеттік энергетикалық университеті (РФ) «3 Minute Thesis» студенттік байқауын өткізеді және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерін орыс тілі мен мәдениеті кафедрасының ПОҚ басшылығымен байқауға қатысуға шақырады.

«3 Minute Thesis» байқауы – бұл білімнің әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулерге қатысатын студенттердің байқауы және оны алғаш рет 2008 жылы Квинзленд университеті (Австралия) өткізді.

Байқаудың мақсаттары:

  • орыс және шет тілдерінде академиялық ауызша коммуникация дағдыларын жетілдіру;
  • болашақ мамандардың сыни ойлау дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту.

Қатысушылардың негізгі міндеті — орыс немесе ағылшын тілдерінде бейне презентация түрінде тек бір слайдты (постерді) қолдана отырып, 3 минут ішінде маман емес аудитория үшін өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін түсінерлік тілде ұсыну.

Студенттердің жұмыстарын ұйымдастырушы жоғары оқу орындарының оқытушыларын қамтитын сараптамалық комиссия бағалайтын болады.

Без рубрики