Әскери кафедра базасында оқу жиындары басталды!
2019 жылдың 3 маусымында ҚарМТУ әскери кафедрасының базасында әскери кафедраны бітіретін курстарымен оқу жиыны басталды.
Оқу жиындарының басталуына арналған салтанатты митинг дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Митингте кафедра бастығы полковник Дарманкулов М.И. құттықтау сөз сөйледі. Бұдан басқа курсанттарға оқу жиынды өту, әскери қызметшілердің әскери киім киуі туралы бұйрықтар, әкімшілік құқық бұзушылық үшін және әскери қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктер туралы жауапкершілік жеткізілді.
Бұл жиында әскери кафедраның курсанттары қару-жарақ пен әскери техникадан ату, сондай-ақ әскери техниканы жүргізуін іс жүзінде орындайды.
Оқу жиын ағымдағы жылдың шілде айының басында аяқталады. Оқу жиындарын өткендер жоғары білім алғаннан кейін запас лейтенанты атағына ие болады.