Кәсіптік бағдар беру мақсатында


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне студенттер тарту мақсатында жер-жерлерге шығып, үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуды дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл әдеттен жаңылған жоқ. Өйткені, жастарымыздың техника тілін меңгеруі өте қажет және техникалық білімсіз «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес. Сондықтан да оқытушылар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін-2050» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беру мақсатында республикамыздың бес облысына іссапармен барып қайтты. Атап айтқанда, Қызылорда облысына – Н.М. Әубәкіров (ҚТжМК), Жамбыл облысына – С.Ж. Қосбармақов (ӨК), Түркістан облысына – Н.Ж. Сәрсенбеков (ӘГПК), Жетісу облысына – Ж.А. Түсіпбеков (ӘГП) және Маңғыстау облысына – Н.Б. Айтбаев (НМК). Осы іссапар барысында оқытушыларымыз аудан, ауыл мектептерін аралап, биылғы жылдың түлектеріне университетте оқып, білім алудың артықшылықтары мен «Серпін-2050» бағдарламасы туралы толық мәлімет берді. Оқытушылар іссапар кезінде Қызылорда облысының аудандары бойынша 720 оқушы, Түркістан облысының аудандары бойынша 573 оқушы, Жамбыл облысының аудандары бойынша 351 оқушы, Жетісу облысының аудандары бойынша 818 оқушы, Маңғыстау облысының аудандары бойынша 318 оқушымен кездесіп, мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді.

Ш.А. ЖЕТПІСБАЙ

«Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі

Без рубрики