29.11.2013


28 қараша 2013. 2013 жылдың 8 сәуірінен 22 қараша аралығында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетіне (ҚарМТУ) қарайтын Қазақстандық дәнекерлеу институты негізінде курстың бірінші тыңдаушылары «Халықаралық инженер-дәнекерлеуші IWE» бағдарламасы бойынша оқытылды.

Осы жобаны іске асыру Ел басы Н.А. Назарбаевтың тапсырысына сәйкес француздық «Тоталь» жанармайгаздық компаниясяның ынтасымен, ҚР жанармай және газ Министірлігінің, Француздық дәнекерлеу институтының (Institut de Soudure), тәуелсіз Қазақстандық «KazWeld» дәнекерлеушілер қауымдастығының, «Карачаганак Петролеум Оперейтинг», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани», «Тенгизшевройл» халықаралық жанармайгаздық компаниялардың қолдауымен жүзеге асырылды.

Жоба мақсаты – қазақстандық дәнекерлеу өндірісінің инженерлерін халықаралық дәрежеде дайындау.

Тыңдаушылар тобы Қазақстанның барлық аумақтарын қамтитын 20 адамды құрды. Сабақты Француздық дәнекерлеу институтының профессорлары жүргізді. Дәрістер ағылшын тілінде орыс тіліне аударылу арқылы оқылды, одан басқа тыңдаушыларға орыс тілінде оқу материалдары берілді.

«Халықаралық инженер-дәнекерлеуші IWE» курсы 4 модульден құралған:

«Дәнекерлеу үдірістері және құрылғылары», «Материалдар және олардың дәнекерлеу үдірісіндегі қасиеттері», «Құрылыс және дәнекерлеу конструкцияларын жоболау», «Тұтынымдық сипаттаманы өндіру және жасау».

Барлық тыңдаушылар емтихандарды ойдағыдай тапсырды және «Халықаралық инженер-дәнекерлеуші IWE»дипломын алады. Осы диплом Халықаралық Дәнекерлеу Институтымен беріледі және Халықаралық Дәнекерлеу Институтының мүшелерімен – әлемнің 56 елдерінде (Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Жапония, Қытай, Ресей және т.б.) мойындалады.Бұл қазақстандық инженерлерінің өзінің кәсіптік дәрежесін, еңбек рыногындағы бәсекеге жарамдылығын көтеруге бірегей мүмкіншілік және кез келген отандық немесе компанияларда, ҚР территориясында да, оданда тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіншілігін алу.

Тыңдаушылардан басқа дәнекерлеу кафедрасының оқытушылар тобы да оқу курсын өтті, емтихандарды ойдағыдай тапсырды және Халықаралық Дәнекерлеу Институтының (ХДИ) стандарттарына сәйкес лайықты модульдер бойынша дәріс оқу құқығына ие болды.

Бұлар: Бартенев И.А., Боченин В.И., Ахметбеков М.Т., Журавлев Н.И., Абсатов Д.К.

Осы жоба Мемлекеттік жылдамдатылған индустральді-иновациялық даму бағдарламасына және «Қазақстан 2050» стратегиясын орындалуына ҚарМТУ қосқан үлесі болып саналады, және де ҚарМТУ құрылғанының 60 жылдығына арналады.

Халықаралық дипломды тапсыру салтанатында Қазақстандағы Франция елшісінің өкілдері, МИНТ, МОН РК(ҚР Б және ҒМ), МНГ РК, МИНТ РК өкілдері, Француз Дәнекерлеу Институтының өкілі, алып мұнай компаниялары «Тоталь», ТШО, КПО, NCOC және аумақтық, қалалық, обылыстық индустриальдық кәсіпорындары және обылыстық әкімшілік өкілдері қатысты.

Без рубрики