Мансаптық өсу орталығы
Тусупова Гульзат Алиевна
Мансап және кәсбіи даму орталығының жетекшісі
Байланыс орны: Қарағанды.қ, Н.Назарбаев 56 к-сі,
Бас ғимарат, кабинет 200В.
Байланыс нөмері: 8 (7212) 569505
Е-mail: tusupova_69@mail.ru
Білімі:
жоғары—Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті биология факультеті, адам мен жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы кафедрасы,биология және химия пәні мұғалімі мамандығы;
Магистратура – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша, біліктілігі жоғары санатты оқытушы.
Еңбек өтілімі барлығы 30 жыл (оның ішінде педагогикалық тәжірибесі 20 жыл); Еңбек жолын 1989 жылы Қарағанды медицина академиясының кафедрасында аға лаборант болып бастады, «Дайын дәрілік формалар», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Фитохимия институтының дәрілік өсімдіктер биотехнологиясы зертханасында-зертхана инженері қызметін атқарды.
Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау облыстық институтының ғылыми-әдістемелік орталығының Тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің әдіскері;
2008-2015жж- Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің медициналық колледжінің кафедра меңгерушісі ретінде қызметін жалғастырды, медициналық биология, генетика, энтомология негіздерімен паразитология, молекулалық биология, валеология, өзін-өзі тану пәндерінен сабақ берді;
2015-2016 оқу жылында Қарағанды қаласындағы мектепте директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;
01.09.2016жылдан 06.10.2024 жылға дейін Қарағанды техникалық университетінің «Кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығының» жетекшісі.
07.10.2024 жылдан бастап -Мансап және кәсбіи даму орталығының жетекшісі.