Кафедрада студенттерге келесі оқу пәндері бойынша білім береді: әлеуметтік-саяси модуль (саясаттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану); философия; құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері модулі; ғылым және тарихы философиясы; жоғары мектеп педагогикасы; басқару психологиясы және техникалық пәндерді оқыту әдістемесі. Бұл пәндер оқу жоспарының жалпы пәндер цикліне кіреді. Мамандықтар бойынша оқу жоспарларымен студенттерді мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын аяқтаушы кафедраларда танысуға болады.