Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Дала қоңырауы» атты іс-шара


Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің биыл 180 жылдығы Республика көлемінде кеңінен аталып өтілуде. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында – тұңғыш оқу құралын жазып, қазақ жастары үшін мектеп ашқан, оқу-білімге тартқан, еңбегі зор, ірі педагог. Ол тіл тазалығы үшін күрескен, ең бірінші болып балаларға ана тілінде білім берген, реалист жазушы, тұңғыш кемеңгер.

Осыған орай Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінде ұйымдастырылған «Дала қоңырауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның ең басты мақсаты — алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен жастарды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы жастарды –имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Аталып өткен іс-шараға колледждің талантты да, алғыр студенттері: Сәкенова Аяулым, Арғынбай Ділмар, Қабдуллаев Нұрсұлтан, Жұмабаева Алсу, Мейрам Диана, Сисабаева Тоғжан, Урысбаева Көркем, Колзова Карина, Дзёба Ольга, Турумбаев Рустем,  Тугунбаев Эльдар, Ақжүнісов Нұрдаулет, Олжабек Бекжан, Кәріп Нұрсұлтан, Бахтыбай Бақдәулет қатысып өз өнерлерін көрсетті.  Студенттер үшін бұл мерекенің орны ерекше болды. Іс-шараның басында Ыбырайдың өмір жолына арналған бейнебаян мен слайдтар көрсетіліп, сахнада атасы Балғожа бидің немересі Ыбырайға берген бата беру сәтімен ашылды. Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Шеше мен бала», әңгімелерін театрландырылған көрініспен жаңғыртып, өлең шумақтарын оқып, халқымыздың керемет әуендерін, күй,  би секілді жан-жақты өнерлерін көрсетті. Аталған іс-шарада «Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — Домбыра» дегендей, қазақтың күмбірлеген домбырасымен ұлттық әні де шырқалып, күйлері тартылды.  Іс-шараға қатысушылар студенттердің қойылымдарын ерекше ықыласпен тамашалады. Атаулы күнге орай дайындалған бас қосу білім ордасының ерекше безендірілген  «Жастар әлемі» ғимаратында өтті. Мерекелік іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары: Конурова Нургуль Аликаримовна, Ахметова Айгуль Ерикбаевна, Бекмолдина Роза Кайполдақызы. Іс-шараны соңында колледж директоры Смагулова Нурбиби Абсадыққызы бұл күннің маңызы мен мәніне тоқталып өтті. Ұйымдастырылған іс-шара аяқталып, соңы мерекелік құттықтауларға ұласты.

Без рубрики