Көлік мамандықтары бойынша екі дипломды білім беру


2021 жылы 16 шілдеде Ташкент мемлекеттік көлік университеті (ТашМКУ, Өзбекстан Республикасы)  мен  Қарағанды ​​техникалық университетінің  (ҚарТУ, Қазақстан Республикасы) өкілдері «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының шеңберінде Double Degree бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша онлайн-кездесу өтті.

Онлайн-кездесуге қатысқандар: Тураев Баходир Хатамович – ТашМКУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, Тураев Хамид Юлдашевич – ТашМКУ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, Суюнбаев Шинполат Мансуралиевич – ТашМКУ «Көлік қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының профессорының м.а., Исагулов Аристотель Зейнуллинович – ҚарТУ КЕ АҚ атқарушы директоры, Аскаров Бахтияр Шарапиденович – ҚарТУ КЕ АҚ «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының меңгерушісі.

Онлайн-кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми және білім беру қызметіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды. Екі елдің ғалымдары бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру мәселесін талқылады. Тараптар одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, бакалаврлар үшін 6B11301- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және магистранттар үшін 7M11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» Double Degree модульдік білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыру бойынша шарттарға қол қойды.

 

Без рубрики