Махамбетов Ерболат Нысаналыулының докторлық диссертациясын қорғау туралы


Қарағанды техникалық университетінде 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша Махамбетов Ерболат Нысаналыулы «Металлургиялық үйінді қождарынан және жоғары күлді көмірлерінен кешенді кальций құрамды ферроқорытпасын балқыту технологиясын жасау» тақырыбында PhD философия докторлық дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясың қорғайтыны туралы хабарлайды.

Жұмыс Қарағанды техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасында, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының сынамалық учаскісінің «Пирометаллургиялық үрдістері» зертханасында жасалды.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Ресми рецензенттер:

  • Заякин Олег Вадимович – техника ғылымдарының докторы, «Болат және ферроқорытпа» зертханасының меңгерушісі, Ресей Ғылым Академиясының Орал бөлімшесінің Металлургия институты (05.16.02 – Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы мамандығы);
  • Мусин Динислям Кариевич – техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры (05.16.02 — Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы мамандығы).

Ғылыми кеңесшілер:

  • Исагулов Аристотель Зейнуллинович — техника ғылымдарының докторы, «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры, Қарағанды техникалық университетінің атқарушы директоры;
  • Байсанов Алибек Сайлаубаевич — техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Пирометаллургиялық үрдістері» зертханасының меңгерушісі;
  • Григорович Константин Всеволодович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылым Академиясының академигі, А.А.Байков атындағы Металлургия және материалтану институты, Ресей Ғылым Академиясы «Материалдар диагностикасы» зертханасының меңгерушісі.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  • Ақбердин Александр Абдуллович  техника ғылымдарының докторы, профессор, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Бор» зертханасының меңгерушісі (Қарағанды қ. Қазақстан Республикасы);
  • Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры (Теміртау қ. Қазақстан Республикасы);
  • Ким Александр Сергеевич – техника ғылымдарының докторы, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Бор» зертханасының басты ғылыми қызметкері (Қарағанды қ. Қазақстан Республикасы);
  • Богомолов Алексей Витальевич –  техника ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар университетінің «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Павлодар қ. Қазақстан Республикасы);
  • Малышев Виталий Павлович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Энтропиялық және ақпараттық талдау» зертханасының басты ғылыми қызметкері (Қарағанды қ. Қазақстан Республикасы).

Онлайн қорғау 2021 жылы 10 қыркүйек, сағат 10.00-де Қарағанды техникалық университетінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, екінші корпус, 206 кабинет.

Сайт мекен жайы: http://www.kstu.kz/dissertatsionny-j-sovet/

e-mail: m.ye.n@mail.ru

 

Без рубрики