«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті (Жалғыз акционер) бар (26.07.2023 ж. №355 бұйрық):
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жарғысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
65-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«1) Республикалық комиссияның ұсынымы негізінде Басқарма Төрағасы — Қоғам Ректорын сайлау (тағайындау);»;
65-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Басқарма Төрағасы — Қоғам Ректорының өкілеттік мерзімін айқындау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;».