Қарағанды техникалық университетінің физика кафедрасы инженерлік педагогика орталығы базасында 72 сағат көлемінде «Жаратылыс тану-ғылыми бағыттағы пәндерді оқытудағы оқытушының инновациялық қызметі» тақырыбы бойынша оқытушыларға арналған on-line біліктілікті арттыру курстарына қабылдауды жариялайды.
Курс бағдарламасы келесі модульдерді зерттеуді қарастырады:
- Қазіргі білім беру кезеңінде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша сабақтарды өткізудің заманауи талаптары мен әдістемесі.
- Жаратылыстану пәндерін оқытудың инновациялық технологиялары. Қашықтықтан оқыту технологиялары форматында оқу процесін ұйымдастыру.
- Электрондық оқыту ресурстарын әзірлеу әдістемесі.
- Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Оқу — әдістемелік және ғылыми басылымдармен жұмыс істеу әдістемесі, мақала және тезистерді дайындау.
Біліктілікті арттыру курстарын өткізу мерзімі: 01.06.2021 ж. — 14.06.2021 ж. аралығында.
Өткізу уақыты: ZOOM платформалары базасында қашықтық форматта 10:00-ден 16:00-ге дейін.