«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»


«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» бағдарламасы аясында 2021-2022 оқу жылына студенттерді қабылдау бойынша  «Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ іс-шара жоспарына сәйкес, «Серпін» оқу орталығының жетекшісі Ш.А. Жетпісбайдың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 10 маусымында ZOOM платформасында онлайн-кездесу өтті. Кездесуге өңірдегі 2, 3, 4 — курс студенттері мен университеттің өңірлерге жауапты оқытушылары: Жамбыл облысы бойынша – Н.М. Аубакиров (ҚТжМ), Қызылорда облысы бойынша – М.А. Жайлаубеков (КТЛЖ), Түркістан облысы бойынша – С.Ж. Қосбармақов (ӨК) және КББЖ орталығының жетекшісі Г.А. Тусупова қатысты. Кездесу барысында студенттерге тұрып жатқан өңірлеріндегі мектеп түлектеріне үгіт-насихат жүргізу мен өңірге барған оқытушыларға көмек көрсету жолдары талқыланды.

 

Без рубрики