Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігi НАОКО/IQAA – жоғары оқу орындарынын халықаралық стандарттарына негізделген Қазақстанның ең үздік ЖОО ұлттық рейтингі-2021 нәтижелерімен таныстырды.
2021 жылы институционалды рейтинг 13-шы жыл қатарынан, ал бакалавриат/магистратура білім беру бағдарламалары рейтингі 9-рет қатарынан өткізіліп отыр. Бұл жоғары оқу орындарын өз қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандырады және білім беру ісінің экспорттық әлеуетін көтеруге ықпал етеді. Ал рейтинг білім алушылар үшін тұлғалық қалыптасу мен кәсіби өсуде өз бағытын таңдауда негізгі бағдар болып табылады.
Қазақстанның ең үздік ЖОО ұлттық рейтингі – 2021 нәтижелері бойынша Қарағанды техникалық университеті Қазақстанның ең үздік техникалық ЖОО арасында үздіктер қатарынан көрініп Satbayev University кейін екінші орынға ие болды. Бұл біздін – жоғары оқу орнының білім беру қызметтері нарығындағы жоғары сұранысқа ие болуы мен бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрінісін тағыда дәлелдеді.
Толығырақ ақпарат көзімен берілген сілтеме арқылы таныса аласыз: https://iqaa-ranking.kz/