ҚР СҰРАНЫСҚА ИЕ ЖОО ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГІ-2021


Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарынан сұранысқа ие ұлттық рейтингісінің нәтижелері бойынша — 2021, Қарағанды ​​техникалық университеті бакавлиарт білім беру бағдарламасының «6В07 Инженерлік, өндеу және құрылыс салалар» бағыты бойынша ЖОО инстицуаналдық рейтингісінде 2 орынға ие болды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі әдістемесі IREG/Observatoryon Academic Rankingand Excellence академиялық ранжирлеу және басымдық жөніндегі халықаралық обсерваториясының аудитінен сәтті өткен Қазақстандағы бірінші және әлемдегі бесінші ұйым болып табылады. Оған берілген «IREG Approved/IREG мақұлданған» сапа белгісі жоғары оқу орындарын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағыттай отырып, IAAR жоғары оқу орындарының рейтингі әлемдік стандарттарға сәйкес келетінін білдіреді.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі өткізген ҚР сұранысқа ие жоо ұлттық рейтингі-2021 Қарағанды ​​техникалық университетінің бакавриат, магистратура және докторантураға арналған білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 42 білім беру бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды.

IAAR аталған рейтингтің басымдыққа ие индикаторлары мен көпфакторлы әдістемесіне сүйене отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарына өз білім беру бағдарламаларының сұраныс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ЖОО-ның сапалы жұмыс істеуіне ықпал етіп, талантты талапкерлерді тартуға және жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері үшін жоғары оқу орнының қажеттілігі шеңберін кеңейтуге жол ашады.IAAR ұлттық рейтингінің бірегей сандық технологиясы еуропалық талаптарға сай және 2 мыңнан астам ҚР білім беру бағдарламалары мен ЖОО-ларының рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Толығырақ ақпарат көзімен берілген сілтеме арқылы таныса аласыз: https://iaar.agency/rating/1/0/2021

 

 

Без рубрики