2021 жылғы 19 мамырда Қарағанды техникалық университеті ғалымдарының Корпоративтік университет шеңберінде «Арселор Миталл Темиртау» АҚ ҚТТБ ҚД басшыларымен және мамандарымен техникалық кеңесі өткізілді.


Кеңеске ҚД АҚ «Арселор Миталл Темиртау» ҚТТБ бастығы – В.В. Салфетников; ҚарТУ КЕ АҚ атқарушы директоры – А.З. Исагулов; ҚарТУ КЕ АҚ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың м. а. – С.Г. Ожигин; ӨК кафедрасының меңгерушісі – Б.Ш. Асқаров; ӨК кафедрасының доценті – О.Т. Балабаев; ӨК кафедрасының доцентінің м.а. – А.В. Рожков; ӨК кафедрасының аға оқытушысы – С.Ж. Косбармаков қатысты. Кездесу барысында Корпоративтік университет туралы келісім аясындағы ынтымақтастық туралы келесі мәселелер талқыланды:

1) 6В11301«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасын өзектендіру (Компоненті және элективті пәндер тізімі және Модульдік білім беру бағдарламасы);

2) студенттер мен магистранттардың практикаларын өткізу туралы;

3) түлектерді жұмысқа орналастыру;

4) «Арселор Миталл Темиртау» АҚ ҚТТБ ҚД қызметкерлеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары;

5) кәсіпорын қызметкерлерімен бірлесіп авторлықта мақалалар мен тезистерді дайындау және жариялау;

6) «Локомотивті басқару режимін (өнеркәсіптік кәсіпорындарда) оңтайландыру жүйесін зерттеу және әзірлеу» тақырыбына шаруашылық шарттық жұмыстың орындалуын талқылау.

 

 

Без рубрики