Исагулов Аристотель Зейнуллиновичті
ҚР ҰИА «2020 жылдың үздік инженері» байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!
А.З. Исагулов қара қорытпалардың жоғары пайдалану қасиеттері (тозуға төзімділік, ыстыққа төзімділік, механикалық қасиеттер) бар металлургиялық жабдықтың бөлшектері үшін тозуға төзімді материалдарды өндіру және өңдеу технологиясын алғаш рет іске асырды.
А.З Исагуловтың газ-ауа импульсті қалыптау машиналарының параметрлерін есептеу әдістемесі «Георг Фишер» (Швейцария), «БМД» (Германия) және Кюнкель-Вагнер фирмаларының автоматты қалыптау желілерін әзірлеу және пайдалану кезінде қолданылады.
Құю қалыптарының технологиялық қасиеттерін зерттеу үшін әзірленген аспаптар Қазақстан Республикасының 20 өнеркәсіптік кәсіпорындары мен фирмаларында енгізілген.
А.З. Исагулов техника ғылымдарының докторы, профессор — Әл-Фараби атындағы ғылым және технология саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1060 баспа ғылыми-әдістемелік еңбектері бар, 185 өнертабыстың авторы.