Достар, біз сіздерді мамырдың 19-21 аралығында өтетін мансаптық хакатонға қатысуға шақырамыз


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мансаптық хакатоны — бұл компаниямен, оның корпоративті мәдениетімен және жас мамандар мен сарапшылар үшін мансаптық мүмкіндіктермен танысу алаңы.

Іс-шара бағдарламасында компаниядағы мансаптық мүмкіндіктер, жоғары мансапқа жетудегі лайфхактар, жетістіктегі тәлімгердің рөлі жайында панельдік пікірталастар өтеді. Бағдарлама барысында жастардың дамуы жайында және жас мамандарға арналған мүмкіншіліктер туралы біле аласыздар.

Сонымен қатар, іс-шара барысында кейс-чемпионат өткізілетін болады. Оның жеңімпаздары компанияның ТОП менеджерлері мен сарапшылары қатысатын менторлық, коуч, мансаптық сессияларға қатысатын бірегей мүмкіндікке ие болады.

Сондай-ақ, жеңімпаз жоғары оқу орынының осы жылғы түлегі болса, жастарға арналған IZBASAR бағдарламасының іріктеуінің екінші кезеңіне өту мүмкіндігіне ие болады. Тәжірбиесі бар жеңімпаз маман жұмысқа бос орын болған жағдайда өтінім берсе, кәсіби тестілеу кезеңіне қатыспай, бірден екінші айналымға жолдау алады.

Мансаптық хакатонға және кейс чемпионатқа қатысу үшін сайтта алдын-ала тіркелу керек: https://careerhack.kazatomprom.kz

 

 

 

Без рубрики