Конференцияны ұйымдастырушы — т.ғ.д., профессор Низаметдинов Ф.К.
Конференцияға Қазақстан, Германия, Ресей және Өзбекстанның Маркшейдерлік іс және геодезия, ВIM-технологиялар және аэрофототүсірілім саласындағы ғалымдары мен мамандары қатысты.
Конференцияның бірінші бөлімі ҚР ҰҒА академигі Попов Иван Иннокентьевичтің ғылымға қосқан зор үлесі мен оның маркшейдерия және геодезияны дамытудағы ғылыми мектебіне арналды.
Конференцияның екінші бөлімінде келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды: «Жасанды нейрондық желілерді қолдана отырып инженерлік құрылыстардың мониторингі» (Резник Б.Е., Берлин, Германия), «Маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды модельдік-ақпараттық қамтамасыз ету» (Мустафин М.Г., Санкт-Петербург, Ресей), «Маркшейдерлік білім беру мен ынтымақтастық бағыттарының сабақтастығы» (Шоломицкий А.А., Новосибирск, Ресей), «BIM технологиялары және маркшейдерлік-геодезиялық процестерді цифрландыру» (Ветошкин Д.Н., Новосибирск, Ресей), «Құрылыс саласын цифрландыру» (Мансуров М.Е., Алматы, Қазақстан), «Параллель ұңғымалар әдісімен тау жыныстарындағы кернеулерді бағалау үшін ұңғымалардың кеңістіктік орналасуын анықтау» (Барышников В.Д., Новосибирск, Ресей), «ҰҰА-технологиялардың ҚарТУ-де дамуы» (Гроссул В.В., Қарағанды, Қазақстан). Сондай-ақ, онлайн конференцияға қатысушылар Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Германия жоғары оқу орындарының болашақтағы ынтымақтастығын талқылады.
Конференция түрлі елдердің және жоғары оқу орындарының ғылыми қайраткерлері Маркшейдерлік іс және Геодезия саласындағы өзекті практикалық мәселелерді талқылай алатын осындай іс-шараларды тұрақты өткізу қажеттілігін көрсетті.