Қарағанды техникалық университетінің тау-кен факультетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының т.ғ.к., профессор Медеубаев Нұрмұхамбет Әлмағамбетұлы жетекшілік ететін БЖД-19-2 тобының студенттерімен қараша айының 2 күні  «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған алаш қайраткері» мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, математикадан тұңғыш қазақ профессоры Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың  130 жылдығына арналған дөңгелек стол отырысы болып өтті


Бұл іс шараға Қарағанды техникалық университетінің ректорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құттыбай Мирас Жаныбекұлы,  жоғарғы математика кафедрасының  жетекшісі т.ғ.д., профессор Қажыкенова Сәуле Шарапатовна, кәсіподақ комитетінің төрағасы э.ғ.к., профессор Алпысбаева Назым Аманғазиевна,  Әлімхан Ермековтың шәкірті пайдалы кен орындарын қазып өндіру кафедрасының профессоры т.ғ.к. Арыстан Ибатолла Дайырұлы, тау-кен факультетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары Тұңғышбаева Айнаш Тоғайбековна, кеніштік аэрология және еңбек қорғау кафедрасының жетекшісі профессор т.ғ.к. Жолмағамбетов Нұрбек Рысбекұлы және кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

 

Без рубрики