Әлемнің Екінші ұстазы Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай, Ұлы ойшылдың еңбегін ұлықтау, жастарға өнеге болатындай тәлім тәрбиелік насихаттау жүргізу мақсатында БЖД-17-1 және БЖД-18-1с тобының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 15 желтоқсанында «Microsoft Teams» платформасында «Ғасырлар даналығы» атты  дебат ашық алаңы өткізілген болатын


Аталмыш іс-шараның қонақтары:

КА және ЕҚ кафедрасының меңгерушісі Жолмагамбетов Н.Р.

Тау-кен факультетінің тәрбие іс жөніндегі декан орынбасары Тұңғышбаева А.Т.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Шашенов Д.Т.

КА және ЕҚ кафедрасының аға кураторы Медеубаев Н.А.

Бүгінгі өткізілген кураторлық сағатымыз бірқатар мақсаттарды топтастырады. Яғни, ұлы қазақ даласының X  ғасырдың ұлы дана ойшылы  Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың адалдық құндылығына, өмір жолына, еңбектеріне тоқталу мен қатар, Мерейлі мемлекетіміздің  жарқын болашағы және ел іргесінің бекем болуы тікелей жас ұрпақтың қолында болғандықтан, болашақ жастардың патриоттық сезімін оятып, елін сүюге тәрбиелеу, өткен тарихымызбен, тарихи тұлғаларымызбен таныстыру.

 

Без рубрики