Ғылым күніне орай «Ғылым қоры» АҚ «Ғылыми және (немесе) ғылыми — техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңын іске асыру барысында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қол жеткізген ғалымдардың рейтингін қалыптастырды. Ғылыми жобалары (әзірлемелері) сәтті коммерцияландырған ТОП 30 ғалымның рейтинг нәтижелері «Ғылым қоры» АҚ сайтында жарияланды (http://science-fund.kz/).
«Галлуазитті нанотүтікшелерді пайдалану арқылы қара және түсті металдардың коррозияға төзімділігін арттыру» жобасы, ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., профессор А.З. Исагулов осы рейтингте жүлделі екінші орынға ие болды.
Бұл рейтинг бизнес секторының ғылыми әзірлемелерге деген қызығушылықтарын арттыруға, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді бизнес қажеттіліктеріне бағдарлауға ықпал етеді және ғылымның ғылымды қажетсінетін өндіріс пен ел экономикасын дамытуға қосқан нақты үлесін көрсетеді.