2020 жылдың 21 ақпанында Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжі студенттерінің Дін басқармасының теологтарымен және Орталық полиция бөлімінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Күн тәртібінде оқу — тәрбие үрдісінің өзекті аспектілерімен талқыланғандары: діни экстремизмнің жастарға әсері, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу. Қарағанды облысының дін істері басқармасымен ашылған, дінтану орталығының маманы Ануар Блялов студенттерге халықаралық терроризм мен діни экстремизмнің пайда болу тарихы туралы айтып берді. Ол радикалды исламның қоғам мен жастарға қандай зиян келтіретініне тоқталды. Біздің парызымыз — жастарды барлық жамандықтан қорғау, шынайы жолға бағыттау және бұған қол жеткізу үшін біз бәріміз бірге осы зұлымдықпен күресуіміз керек. Өйткені, елдініздің болашағы жас ұрпағынызға байланысты. Теологтардың пікірінше,діни тәрбиені мектеп қабырғасынан бастау керек. Студенттер көптеген сұрақтарына, талқылау нәтижесінде, жан-жақты жауаптарын естіп, дін саласындағы жетекші мамандардан сенімді ақпарат алды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері және ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Без рубрики