Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантына ғылыми жобалар конкурсы жарияланды!


Құрметті әріптестер, 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап Қарағанды техникалық университеті Университеттің жас ғалымдары арасында ғылыми жобаларды іріктеу бойынша конкурс өткізетінін хабарлаймыз.

Байқауға 35 жастан аспаған оқытушылар, докторанттар және магистранттар қатыса алады.

2021 жылы бөлінетін гранттар саны – 3.

Бір грантқа қаржыландыру көлемі — 500,000 (бес жүз мың) теңге

 

Өтінімдер 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін электронды және қағаз түрінде ҒжИД-та қабылданады (226-кабинет, бас корпус)

Байқау ұйымдастырушылары 2021 жылдың 5 мамырында байқау комиссиясының алдында қатысушылардың жобаларын тыңдау рәсімін жүргізеді. Өтінім нысаны мен жобаны бағалау критерийлері Ережеде көрсетілген.

 

Алдағы конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратты ҒжИД-тан алуға болады, тел. 56-51-87, e-mail: science@kstu.kz

Байқау туралы ереже.

 

 

Без рубрики