Парасаттылық сағаты


2021 жылдың 25 наурызында Прасаттылық мектеп жұмысының аясында, ҚХА және ӘГП кафедрасы, кафедра меңгерушісі Д.Г.  Шорманбаеваның басшылығымен ҚарТУ студенттеріне «Адал жастар –еліміздің гүлденуінің кепілі» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде парасаттылық сағаты өткізілді. Кафедраның аға оқытушылары: Сейдинова М.А., Жуматова Г. М.  келесі топ студенттеріне С-18-2; АРХ-18-2; ПСК-18-2; Диз-18-1; ТС-18-2; ВТ-18-1,2; ПС-18-1,2; РЭТ-18-1 дәріс оқыды (жалпы 150 адам қамтылды).

Дәріс барысында студенттер үлкен белсенділік танытты. Студенттер бүгінгі таңда жастар серпінді қоғам жағдайында алдыңғы қатарға шығатынын және қайта құрудың қозғаушысы, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы екенін жақсы біледі. Дәріс барысында студенттер сұрақтар қойып, проблемалық мәселелерді талқылап, өз көзқарастарын білдірді. Дәрісте жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне көп көңіл бөлінді, өйткені жастар біздің қоғамымыздың  іргетасы және қалғандарының барлығы оған негізделген. Студенттер жас ұрпақтың өкілдері ретінде өздеріне жүктелген барлық жауапкершілікті толық түсінеді. Қорытындылай келе, студенттер осындай іс-шаралардың рөлі мен маңыздылығын тағы да атап өттіп, адалдық, әдептілік, әділеттілік, құрмет, жауапкершілік сияқты маңызды адами құндылықтарды ұстануды қолдайтындарын білдірді.

 

Без рубрики