Еуразиялық патенттік ұйым өзінің 25 жылдығына орай «Болашаққа көзқарас» Универсиадасын өткізді. Байқауға Еуразиялық патенттік конвенцияға мүше барлық мемлекеттерден 8 ғылыми бағыт бойынша 120-дан астам шығармашылық жұмыстар ұсынылды.
Қарағанды техникалық университеті ХТОВМ-20-1 тобының магистранты Д.Е. Ержанова мен оның ғылыми жетекшісі, ХжХТ кафедраның доценті П.Н. Нагуманды «Біз Д. Менделеевтің ұрпағымыз. Химилаймыз ба? Иә! Өмір сүру ұзақтығын да арттырамыз!» бағыты бойынша 3 орын алуымен құттықтайды, сондай-ақ жаңа шығармашылық идеялар мен биік жетістіктер тілейді!