«Жақсылық сыйла!» еріктілер акциясы


«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 6 наурызында Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі және мәдениеті кафедрасының тәлімгерлері, тәлімгерлік топ студенттерінің қатысуымен «Жақсылық сыйла!» атты еріктілер акциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты «Благодать» қарттар үйінің аумағында қар тазалап ерікті көмек көрсету болды.

2017 жылы негізі қаланған қарттар үйінде бүгінде бес ғимарат бар. Ауа-райына байланысты аумақты толығымен қар басып, тұрғындардың уйден шығуына, қызметкерлердің жұмыс жасауына кедергі болды. Қарттар үйінің әкімшілігі айналаны тазартуға көмек сұрады. Кафедра кураторлары Докучаева Н.В., Иванова С.А., Баймамыров С.А., Кабанова А.Б., Кишенова А.Ю. қол ұшын беріп, жетекшілік ететін: ТС-19-1, ТС18-1, Арх-19-3,  АРХ-17-1, ТС-20-1 топтар студенттерін тарта отырып жұмыс ұйымдастырды. Еріктілер акциясына 30 студент қатысты.

Дәстүрге айналуы мүмкін бұл акция зейнеткерлер мен қарт адамдарға көп жылдық адал еңбегі, бай өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі болып табылады.

Кездесу соңында қарттар үйінің әкімшілігі ОТжМ кураторларына көрсеткен көмегі үшін алғыс хат табыс етті.

Осындай ерікті шараларға қатысу жас ұрпақтың өзара көмек пен жанашырлық сезімдерін тәрбиелеп, адамзаттың дамуына ықпал етеді.

 

 

Без рубрики