Қоғам қайраткері және этнограф ғалымның туғанына 155 жыл толуына байланысты  «Әлихан Бөкейханов: аңыз-адам» тақырыбында өткен  Дөңгелек үстел


2021 жылдың 12 наурызында орыс тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық – демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және көшбасшысы, Алашордадағы алғашқы Қазақ ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, талантты публицист, өзінің бүкіл өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнаған Әлихан Бөкейхановтың құрметіне «Әлихан Бөкейханов: Аңыз адам» атты дөңгелек үстел өткізді.

Жауапты оқытушылар: кафедра меңгерушісі Оспанова Б. Р., Тәжібаева С. М., Кабанова А. Б.

Microsoft Teams (коды — vzhqap6) платформасында қашықтықтан оқыту  (он-лайн) формасы КарТУ 1 курс студенттері арасынан 105 адамнан аса қатысушыларды қамтуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында Әлихан Бөкейхановтың өмірі, Қоғамдық-саяси және ғылыми қызметіне байланысты тақырыптар қозғалды. Қазақ зиялылары өкілінің өмір тіршілігіне университет жастары үлкен қызығушылық танытатыны да маңызды. МД-20-1 тобының студенті Қатпа Әйгерім «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановқа өзі шығарған өлеңін арнады.

Мезгіл өтті, заман қайта жаңғырып,
Келді еліме тәуелсіздік таң күліп
Бабалардың қаны,  тері, еңбегі,
Ұрпағының жүрегінде мәңгілік!
Ұрпағына арнап кеткен көмегін!
Тарихымнан көрем бабам өнерін.
Елі үшін петиция арнаған,
Әлихандай бар жанашыр өренің,
Қошеметтеп дана болған баласын,
Аспандатып қазақ деген алашын,
Тілге, ұлтқа, жерге қатер төнгенде,
Әлихандар болған еді жанашыр!
Ұлы бабам, ерлігіңіз шын асыл,
Тарихымда жұлдыз болып тұрасыз.
Ерлігіңіз алтынменен жазылар,
Тарихымда ардақты асыл тұлғасыз!

Іс-шара барысында Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен тағдыры, оның өмірінің белгісіз фактілері, оқиғалары, ондаған жылдар бойы «өте құпия» деген белгімен құжатталғаны туралы баяндалатын «Ұлы қазақтардың құпиялары  мен  тағдырлары» деректі-публицистикалық фильмдер сериясынан «Әлихан Бөкейханов — ақсүйектер рухы…» бейнефильм көрсетілді.

Ә. Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық бөлімді келесі студенттер дайындады:

— Бауыржан Жадыра, МД-20-1 топ студенті, қоғам қайраткерінің өмірі туралы айтып, оның бүкіл өмірі қазақ халқын біртұтас ұлт ретінде сақтауға, оның ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтіруге ұмтылғанын атап өтті.

— Көмек Аңсар, ГД-20-3 топ студенті, журналистік және публицистикалық қызмет туралы қызықты презентациялық материал дайындады.

— Хамзе Әділбек, ЭЭ-20-1 топ студенті, қоғамдық-саяси қызмет туралы презентация жасады.

— Жахин Салим, ТС-20-1 топ студент, іс-шараға қатысушыларды ғалымның ғылыми қызметімен таныстырды.

Әлихан Бөкейхановтың шығармашылығы туралы білімдерін сынауға арналған конкурстан тұратын практикалық бөлім өткізілді (30 сұрақ).

Іс-шараға белсенді қатысып, көп дұрыс жауап берген студенттер дипломдармен марапатталды:

1 дәрежелі дипломмен:

МД-20-1 тобының студенті Қатпа Әйгерім (оқытушы Кабанова А.Б.),

ЭЭ-20-1 тобының студенті Хамзе Әділбек (оқытушы Тәжібаева С. М.).

2 дәрежелі дипломмен:

ГД-20-3 тобының студенті Көмек Аңсар (оқытушы Баймамыров С.А.),

МД-20-1 тобының студенті Бауыржан Жадыра (оқытушы Иванова С. М.).

3 дәрежелі дипломмен:

ЭЭ-20-1 тобының студенті Амангельдиев Алмаз (оқытушы Кишенова А.Ю.), ТС-20-1 тобының студенті Жахин Салим (оқытушы Докучаева Н.В.),

ЭЭ-20-1 тобының студенті Мәжит Мұхамедбәкір (оқытушы Тимохина Т. В.)     марапатталды.

Іс-шара соңында  қатысушылар Әлихан Бөкейхановтың біздің еліміз гүлденген және тәуелсіз мемлекет болуына еңбек еткен маңызды тарихи тұлға екенін атап өтті.

 

 

Без рубрики