«Білім беруде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді құралдары: Мектеп-колледж-жоо»


2021 жылдың 01-12 наурыз аралығында Орыс тілі және мәдениеті кафедрасы Қарағанды техникалық университетінің біліктілікті арттыру институтымен бірлесіп, «Білім беруде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді құралдары: Мектеп-колледж-жоо» (қашықтықтан оқыту аясында) тақырыбында ҚР мектеп мұғалімдері мен колледж және жоо оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді

 

Біліктілікті арттыру курстарына мектеп мұғалімдері, ҚР: Нұрсұлтан қ., Алматы қ., Қарағанды қ., Павлодар қ., Семей қ., Балқаш қ. колледждері мен жоо оқытушылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесінде оқытушылар мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, оқу және жазу сапасын арттыру, оқытудың тиімді инновациялық құралдары арқылы білім алушылардың сыни ойлауын қалыптастыру болып табылады.

БА курстарында оқу барысында келесі міндеттер жүзеге асырылды:

— білім алушы жастар үшін білім әзірлеуді және таратуды жүзеге асыратын мамандардың кәсіби құзыреттерін кеңейту;

— оқу процесіне функционалдық сауаттылықты дамыту процесінде оң нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа технологиялар мен әдістемелерді енгізу;

— білім алушылардың шығармашылық және сыни ойлауын дамытуға бағытталған педагогикалық тәжірибені тарату.

Курстық оқыту қашықтықтан өткізілді және құзыреттілік тәсіл негізінде құрылды. БА курстары шеңберінде іс-шараға қатысушылар:

— білім берудің алуан түрлі адам қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаны әлеуметтік бағдарлау тәсілі ретінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың заманауи үрдістерімен танысты;

— Қарағанды қаласының жетекші жоғары оқу орындары мен мектептерінің озық жұмыс тәжірибесімен алмасты.

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары оқыту дәрістерінде, семинарларда, мастер-класстарда қаралатын мәселелер бойынша толық ақпарат алды; ЖОО оқытушыларымен, жаңашыл педагогтармен кеңесіп қайтты.

Курстарды өткізуге Қарағанды техникалық университетінің, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары мен оқытушылары, Қарағанды қаласының жетекші мектептерінің практик-мұғалімдері қатысты.

Қорытынды құжат 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы куәлік болды.

 

 

Без рубрики