Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» атты патриоттық бейнероликтердің ЖОО аралық аймақтық байқауының қорытындылары шығарылды


Қарағанды ​​техникалық университетінің Патриоттық тәрбие беру ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» атты патриоттық бейнероликтердің ЖОО аралық аймақтық байқауының қорытындысын шығарды. 

Мақсаты:

Студент жастардың бойында патриотизмді, өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу, дамыту және қолдау. 

Байқаудың міндеттері:

— студенттік жастарды патриотизмді қабылдауға және тәрбиелеуге ынталандыру;

— жас ұрпақтың Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдерін зерттеуге деген қызығушылығын жандандыру;

— патриоттық құндылықтарды және Қазақстанның мәдени мұрасына деген құрметті қалыптастыруға ықпал ету.

Байқау екі кезеңде өтті:

  • 1 кезең: конкурстық жұмыстарды қабылдау — 2021 жылдың 30 қаңтары мен 5 наурыз аралығында;
  • 2 кезең: конкурстық комиссиясының жұмысы — 2021 жылдың 10-12 наурыз аралығында.

2021 жылы 5 наурызда сағат 23:30-да конкурстық жұмыстарды қабылдау аяқталды. Ұйымдастыру комитетіне барлығы 24 бейнеролик келіп түсті, байқауға 18 жұмыс қатыстырылды.

Барлық ұсынылған бейнелер келесі критерийлер бойынша бағаланды:

— жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі;

— тақырыптың ашылу тереңдігі және көріністің анықтығы;

— бейненің өзіндік ерекшелігі (идеяның жаңалығы);

— көркемдік деңгей, шеберлік және жұмыстың орындалу сапасы;

— материалды ашудағы шығармашылық көзқарас және оны жұмыста ұсынудың мәнерлілігі.

2021 жылдың 12 наурызында конкурстық комиссияның іріктеу нәтижелері және алынған ұпайлар саны бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

1 орын — Бегайдарова Альбина Қуанышқызы. Конкурстық жұмыс:  «Тәуелсіздік жылдарында»  (Алматы Менеджмент Университеті, жетекшісі: Джубанова Гүлнар Джулашевна,)

2 орын — Әскербекова Айым Жанатқызы, Қайратова Аружан Қаржаубайқызы.

Конкурстық жұмыс: «Өткенді білу-жарқын болашақтың негізі»
(Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, жетекшісі: Амрина Минар Сапарқызы)

3 орын – Қарағанды техникалық университетінің энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің белсенді студенттер командасы.  Конкурстық жұмыс: «Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!»

2021 жылдың 16 наурызында Қарағанды ​​техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» атты патриоттық бейнероликтердің ЖОО аралық аймақтық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтап, оларға жаңа шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

 

 

Без рубрики