11.02.2021 ж. сәулет-құрылыс факультетінде «Факультет апталығы» өтті. Кафедралар студенттермен және белсенділермен бірге іс-шараның барлық қатысушыларына қызықты бағдарлама дайындады. Кездесу сәулет-құрылыс факультетінің деканы М.О. Иманов пен Ректордың кеңесшісі П.А. Кропачевтің баяндамасынан басталды.
ҚМжәнеТ және СжД кафедрасының оқытушылары 2021-2022 оқу жылына қабылдау ережелері, дайындық бағыттары, түрлі жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат берді. Қатысушылар саны 35 адам (Қарағанды қ. № 16 ЖОМ, № 39 ЖОМ, № 86 ЖОМ, № 32 ЖОМ, № 33 ЖОМ; Теміртау қ. № 5 ЖОМ, Абай қ. № 10 гимназия) құрады.
12.02.2021 ж. тау-кен факультетінде «Факультет апталығы» өтті. Іс-шараға 39 адам қатысты («Пионер» балалар үйі, №57 ЖОМ, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі). Баяндама мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылды, кафедралар бойынша бейнероликтер көрсетілді.
ПҚКБ кафедрасының меңгерушісі Имашев А. Ж. және ГПҚКОБ кафедрасының меңгерушісі Исатаева Ф. М., т. ғ. д., профессор Низаметдинов Ф.К. сөз сөйледі.
18.02.2021 ж. машина жасау факультетінде «Факультет апталығы» өтті. Конференцияға 123 қонақ және 47 оқушы (№52 ЖОМ, № 23 ЖОМ, № 101 ЖОМ, № 74 ЖОМ, Қарағанды қ. № 76 ЖОМ, Балқаш қ. № 24 ЖОМ, Сәтбаев қ. мектептері), сондай-ақ Қарағанды машина жасау колледжі және шет тілдер колледжі қатысты. Сонымен қатар, Ақмола және Алматы облыстарының оқушылары қатысты. Мектеп және колледж оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, факультет зертханалары бойынша бейнеэкскурсиялар көрсетілді.
«Факультеттер апталығы» алғаш рет Қарағанды өңірінің ғана емес, Қазақстан Республикасының да оқушылары үшін өткізіледі. Іс-шаралар қазіргі жағдайда жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына жәрдемдесу, білім беру саласындағы жаңа тәсілдермен және технологиялармен таныстыру мақсатында өткізіледі. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнероликтер көрсету, білім беру бағдарламалары мен инновациялық жетістіктердің тұсаукесері, оқуға түсу және ҰБТ-ны тапсыруға дайындық шарттары бойынша түсіндіру, әр факультеттің стратегиялық даму бағыттарымен және үздік студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу қызметтеріндегі жетістіктерімен танысу, ҚарТУ-да оқытудың артықшылықтарын талқылау және т. б. жүзеге асырылады.
Кездесулер университеттің бүгінгі жұмыс күндеріне, осы қиын уақытта университет қызметінің стратегиясы мен тактикасы қандай? ЖОО пандемия жағдайында өзін қалай сезінеді? ЖОО кәсіптік бағдар беру жұмысын қалай құрады? Студенттердің инновациялық идеялары қолдау ала ма? ЖОО-да студенттік стартаптарды іске асыру мүмкіндігі бар ма? Соңғы жылдары түлектердің жұмысқа орналасу динамикасы қандай екеніне арналады.
Машина жасау факультеті апталығының бейнематериалына сілтеме:
Сәулет-құрылыс факультеті апталығының бейнематериалына сілтеме:
Тау-кен факультеті апталығының бейнематериалына сілтеме:
19.02.2021 ж. сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Көлік-жол факультетінің апталығы» өтті. КТжЛГ және ӨК кафедрасының оқытушылары 2021-2022 оқу жылына қабылдау ережелері, дайындық бағыттары, түрлі жобаларға қатысу мүмкіндіктері, түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары туралы өзекті ақпараттарды ұсынды. Қатысушылар саны 145 адамды құрады (Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларының мектептері). Бейнероликтер көрсетілді, ҚЖФ деканы Б.К. Кұрмашева, көлік-жол факультетінің кафедра меңгерушілері сөз сөйледі.
23.02.2021 ж. сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Инновациялық Технологиялар Факультетінің апталығы» өтті. Іс-шараға 170 адам қатысты. Іс-шараға Бұқар Жырау ауданының (Көкпекті, Байқадам, Петровская) және Қарағанды қаласының мектеп түлектері, сондай-ақ Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің түлектері қатысты.
Іс-шараны өткізу кезеңдері: ҚарТУ, әскери кафедра, «Жас Орда» жастар ұйымдарының қауымдастығы туралы бейнероликтер көрсету; білім беру бағдарламалары, қызмет саласы және қолдану саласы бойынша ақпаратты түсіндіру; зертханалар мен компьютерлік залдар туралы бейнематериалдар көрсету. Сөз сөйлегендер: ИТФ деканы Самашова Г.Е., АТҚ кафедра меңгерушілері Коккоз М.М., АЕЖ Калинин А.А., ХжХТ Такибаева А.Т., АЕЖ кафедрасының доценті Томилова және ИТФ студенттері. Кездесу «сұрақ-жауап»форматында өтті.
25.02.2021 ж. сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің апталығы»өтті. Қарағанды қаласының, Қарағанды облысының Шет ауданының мектептерінен келген қонақтар, сондай-ақ Ақмола және Павлодар облыстарының өкілдері қатысты. Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің деканы, «кәсіпорынның экономикасы және менеджменті», «Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедраларының меңгерушілері, сондай-ақ «Жас Орда»студенттер кәсіподағының өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылардың жалпы саны 80-нен астам адамды құрады. Қатысушыларды 2021 жылғы қабылдау науқаны, факультеттің білім беру бағдарламаларының мазмұны, сондай-ақ факультетте магистратураның болуы және ондағы оқу ұзақтығы мәселелері қызықтырды.
26.02.2021 ж. сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Энергетика, автоматика және коммуникация факультетінің апталығы»өтті. Іс-шараға 165 адам қатысты. Шараға Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының және № 97 ЖОМ, № 2 лицей, № 82 ЖОМ, № 36 ЖОМ, Қарағанды қаласының № 48 ЖОМ түлектері, сондай-ақ Қарағанды жоғары политехникалық колледжі мен Қарағанды техника-құрылыс колледжінің түлектері қатысты.
ҚарТУ, әскери кафедра, «Жас Орда» жастар ұйымдарының қауымдастығы туралы бейнероликтер көрсетілді; Білім беру бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, зертханалар мен компьютерлік залдарды жабдықтау туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сөз сөйлегендер: ЭАТФ деканы Ф.Н. Болатбаев, ӨПА кафедрасының меңгерушісі Брейдо И.В., ЖБТ кафедрасының меңгерушісі Югай В.В., Энергетика кафедрасының меңгерушісі Нешина Е.Г. және «Жас Орда» өкілі.
«Факультеттер апталығы» алғаш рет Қарағанды өңірінің ғана емес, Қазақстан Республикасының да оқушылары үшін өткізіледі. Іс-шаралар қазіргі жағдайда жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына жәрдемдесу, білім беру саласындағы жаңа тәсілдер мен технологиялармен таныстыру мақсатында өткізіледі. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнероликтер көрсету, білім беру бағдарламалары мен инновациялық жетістіктердің тұсаукесері, түсу және ҰБТ-ны тапсыруға дайындық шарттары бойынша түсіндіру, әр факультеттің стратегиялық даму бағыттарымен және үздік студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу қызметтеріндегі жетістіктерімен танысу, ҚарТУ-да білім алудың артықшылықтарын талқылау және т. б. жүзеге асырылады.
Кездесулер университеттің бүгінгі жұмыс күндеріне, осы күрделі уақытта университет қызметінің стратегиясы мен тактикасы қандай екеніне арналды. ЖОО пандемия жағдайында өзін қалай сезінеді? Кәсіптік бағдар беру жұмысы ЖОО-да қалай құрылады? Студенттердің инновациялық идеялары қолдау таба ма? ЖОО-да студенттік стартаптарды іске асыру мүмкіндігі бар ма? Соңғы жылдары түлектердің жұмысқа орналасу динамикасы қандай?
«Қарағанды техникалық университетінің сағаты» 17.02.2021 ж. бастап Фэйсбук платформасында «Қарағанды техникалық университетінің Сағаты» іс-шарасы басталды, онда тікелей эфирде әр бейсенбі сайын ЖОО өкілдері ҚарТУ-да оқудың артықшылықтары туралы, білім беру бағдарламаларының топтары, бейіндік пәндер, жұмысқа орналасу, халықаралық практика және басқа да ақпарат тақырыбымен эфирге шығады. https://www.facebook.com/profile.php?id=100064134873978