Қазақстанда Алғыс айту күні ретінде атап өтілетін 1 наурыз күні Қарағанды техникалық университетінде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті


Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев қазақстандықтарға арнаған өз құттықтауында: «Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекетімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз» деп атап өтті.

Сондай-ақ осы іс-шара аясында Қарағанды қаласының Достық Үйімен бірлескен қызмет туралы Меморандумға қол қойылды.

ҚарТУ базасындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы филиалының ашылуы әр-түрлі ұлт өкілдерінің студент жастарының бірлескен табысты жұмысы үшін алаң құрады. Бұл болашақ мамандардың достық, төзімділік сезімін тәрбиелеу, ұлтаралық қатынастарды нығайту жөніндегі жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

ҚарТУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттерінің сан мыңдаған ұжымында 25-тен астам ұлт өкілдері бар. Бұл ретте, өз ұлтына, дініне қарамастан олардың әрқайсысы өзінің ғылыми және шығармашылық әлеуетін аша алады.

 

 

Без рубрики