Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 534 бұйрығының 2-тарауының 12-15 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізу туралы№ 375 «Запастағы офицерлер бағдарламасы және сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы» әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент тізбе бойынша құжаттарды қоса тіркей отырып, өтініш ресімдейді:
- Өтініш;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Тіркеу куәлігінің (ә/билеттің) көшірмесі;
- Сурет 3 х 4-2 дана.;
- Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
- Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса);
- Факультет деканы қол қойған студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы анықтама.
Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары (бұдан әрі-7-нысан) беріледі. Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының
22 ақпанынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-нысан бойынша медициналық куәландыру нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін
10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады.
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
Студенттердің дене дайындығы осы Қағидалардың 4-қосымшасынасәйкес дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады.Үш норматив тапсыру қорытындысы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады, ақылы негізде оқу құны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу құнынан аспайды. Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлық ақылы негізде жүзеге асырылады, оқу құны запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу құнынан аспайды.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады (екі жылдық оқумен).
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) студенттерден қабылданады (бір жылдық оқумен).
Әскери даярлық ЖЖОКБҰ-да оқуды аяқтағанға дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен (кәсіптік практикамен) аяқталады.
*Жасөспірім студенттер үшін дене шынықтыру нормативтері
№ р/с | Бақылау жаттығулары | Бағалау | ||
«5» | «4» | «3» | ||
1. | 100 м (с) жүгіру | 14,2 | 14,5 | 15,0 |
2. | 3000 м (мин) жүгіру | 13,00 | 15,00 | 16,00 |
3. | Биік белтемірге тартылу (саны) | 12 | 10 | 8 |
*Студент қыздарға арналған дене шынықтыру нормативтері
№ р/с | Бақылау жаттығулары | Бағалау | ||
«5» | «4» | «3» | ||
1. | 100 м (с)жүгіру | 16,0 | 16,5 | 17,0 |
2. | 2000 м (мин) жүгіру | 10,00 | 11,3 | 12,2 |
3. | Қолды бастың артына қойып,шалқасынан жатып денені көтеру,(саны) | 25 | 20 | 15 |
Ескертпе: баллдардың жалпы санынес ептеген кезде «қанағаттанарлықсыз» бағанөл балл ретінде есептеледі.
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында өткізіледі және уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыни және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
№ | Қабылдаукезеңі
|
Дайындықдеңгейі | Бағалау,
баллмен |
Кәсіби-психологиялықтестілеу | 1-ші кезектеұсынылған(1) | 100 | |
2-шікезектеұсынылған(2) | 75 | ||
Ұсынылған (3) | 50 |
Конкурсты қірікте уүлгерімнің GPA орташа балының көрсеткішіне сәйкес орындалады.