ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 11 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ


«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдауды жариялайды.

Қазақстан азаматтарына 11 грант бөлінді:

– 3 «бакалавр» білім беру дәрежесі бойынша;

– 4 «магистр» білім беру дәрежесі бойынша;

– 4 «докторантура» білім беру дәрежесі бойынша.

 

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2021 жылдың 9 сәуіріне дейін.

Оқу ағылшын немесе поляк тілдерінде жүзеге асырылады. Поляк тілін білмейтін үміткерлер тілдік курстардан өте алады.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін мына сілтеме арқылы  көре аласыздар:  https://www.gov.pl/web/edukacja-i-nauka/wykaz-uczelni-publicznych-nadzorowanych-przez-ministra-wlasciwego-ds-szkolnictwa-wyzszego-publiczne-uczelnie-akademickie

Маңызды: Медициналық, әскери жоғары оқу орындары мен өнер саласындағы жоғары оқу орындарын таңдауға болмайды, өйткені бұл жоғары оқу орындары басқа Мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты.

Грант келесі шығыстарды қамтиды:

– Тегін оқу;

– Докторантура бағдарламасы бойынша 2100 поляк злоты көлемінде стипендия төленеді.

– Медициналық сақтандыру, виза, жол ақысы және тұрғын-жайдың төлемі білім алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Құжаттарды тапсыру үшін «электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы қызметін https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon?fbclid=IwAR0M2Tclj3eRRa_pJgF5XA77TyHrnBtXFowGW4NjsswkY0vOpgMsEiPMUw  пайдалануды сұраймыз.

ЭЦҚ онлайн режимде (қашықтан) алу жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp?fbclid=IwAR3DQH_konXneJ936ADfgNatZofSDGONJQTOR1J3ZH-_I6yNP1a9Tvq1jvA , егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шалуға болады.

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  +7 (7172) 769-082, 76-90-84 телефондары арқылы хабарласуға болады; email: Info@bolashak.gov.kz

Польша жадынама
Польша сауалнама

 

 

Без рубрики