Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2021 жылдың 8-9 сәуір аралығында
Қарағанды техникалық университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми online конференциясын өткізеді
Конференцияда келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:
- Энергетика және энергия үнемдеу
- IT-және Smart-технологиялар
- Автоматтандыру. Робот техникасы
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Геотехнология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
- Машина жасауды дамытудың заманауи аспектілері
- Металлургия және материалтану саласындағы инновациялық технологиялар
- Көлік және логистика
- Жаратылыстану ғылымдары
- Гуманитарлық ғылымдар
- Экономикалық ғылымдар
- Химия-биология ғылымдары
- Құрылыс және сәулет
- Цифрлық экономика жағдайындағы маркетинг
- Кәсіптік білім беру
Конференция жұмысына қатысуға ғылыми зерттеулердің маңызды нәтижелері бар Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары шақырылады
Конференцияға қатысу тегін.
Қатысу формасы: сырттай, online.
Баяндама тезистері, өтінім (ғылыми жетекшінің қолы қойылған сканерленген нұсқа) және тезисті плагиатқа тексеру нәтижесі (түпнұсқалығы 75% кем емес) электронды түрде nauka-2050@mail.ru электрондық поштаға 2021 жылдың 25 наурызына дейін жіберуді сұраймыз
Анықтама телефоны: (8-7212) 56-52-34 (ішкі 1052).
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Моисеев Валерий Семенович.
«Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудағы жастар ғылымының үлесі»
атты республикалық студенттік ғылыми конференцияға қатысуға өтінім
- Авторлардың (толық) аты-жөні ______________________________________
___________________________________________________________________
- Оқу орны, курс, топ ____________________________________
- Ғылыми жетекшінің аты-жөні, жоо, кафедра __________________________
- Баяндаманың атауы _________________________________________________
- Секция (нөмірі және атауы) _____________________________________
- Бірінші автордың байланыс деректері (телефон, e-mail)____________________
Қолы Күні
Тезистерді ресімдеуге қойылатын талаптар
Суреттер мен кестелерді қоса алғанда, А4 форматындағы бір немесе екі толық беттің көлеміндегі тезистердің мәтіні Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman, Times/Kaz және т.б.) қарпімен терілуі тиіс, өлшемі 14, интервалы — бір, барлық жиектері – 25 мм. Тақырып бас әріптермен теріледі.
Файлдар атауында бірінші автордың тегі, ЖОО қысқартылған атауы және құжаттың атауы көрсетіледі, мысалы: «Қасымов А.Т. ҚарТУ өтінім, «ҚасымовА. Т. ҚарТУ тезис», «Қасымов А. Т. ҚарТУ антиплагиат».
Баяндама авторларының (ғылыми жетекшісіз) саны екі адамнан аспауы тиіс.
Баяндама тезистерін рәсімдеу үлгісі
ӘОЖ 020.20 Қасымов А.Т. – ҚарТУ студенті (ГД-19-1 тобы)
Ғылыми жетекші – т.ғ.к., доц. ҚарТУ Жайсанбаев А.Р. ҰҢҒЫМАЛАРҒА МҰНАЙ АҒЫНЫН КҮШЕЙТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ ҚАБАТТЫҢ ГИДРО БӨЛІНУІ ………………………………….…..…. мәтін ………………………………………. ………………………………………………………………………………………….
|
Мәтін редакциялауға жатпайды және түпнұсқа болып табылады. Сіздің назарыңызды жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып, материалдарды мұқият редакцияланған түрде ұсыну қажеттілігіне аударамыз.
Талаптар сақталмай ресімделген немесе белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған, сондай-ақ жариялауға ғылыми қызығушылық танытпайтын баяндамалардың тезистері қабылданбайды және кері қайтарылмайды.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті