2021 жылдың 17 ақпанында Қарағанды техникалық университетінің жол-көлік факультетінде «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының оқытушылары Н.Б. Жаркенов және А.Т. Жұмабековтың ұйымдастыруымен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл «Білім жолы — Адал жол!» атты семинар өтті.
Семинарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі шақырылды. Семинар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру» тақырыбында өткізілді. Семинарға факультет деканы Құрмашева Б.К., оқытушылар, кураторлар, 2-3 курс студенттері қатысты.
Семинар спикері — Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының бас маманы А.Е. Сақтапберген.
Семинар тыңдаушылары оқу процесіне парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидаттарын енгізу әдістерімен танысты. Семинарға қатысушылар әдептілік пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, этикалық мәдениет деңгейінің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен арақатынасы туралы теориялық білім алды. Сондай-ақ тыңдаушылар парасаттылықты ілгерілету үшін пайдалануға болатын жаңа әзірлемелер туралы білді.